Жаңалықтар

29.09.2022 (Обновлено: 06.10.2022 12:38)

ЕЭК ДКҰ-мен ынтымақтастықты ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға орайлас тәсілдемелерді қарады

Еуразиялық экономикалық комиссия Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (жол картасын) қалыптастыруға орайлас тәсілдемелерді талқылады. Бұл Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары шеңберіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

ЕЭК-тің бейінді жұмыс тобының отырысына ЕАЭО елдерінің кеден саясатын қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық кеден қоғамдастығымен өзара іс-қимыл кезінде кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері құзыреттеріне кіретін уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

"ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық блогы Еуроодақтың үлгі боларлық тұстарын талдаудан өткізді, алда тұрған мақсатты орындау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық тәсілдемелер мен іс-шараларды тұжырымдады. Осымен қатар, 2025-Стратегиясын қаралып отырған бөлікте іске асыру үшін әзірлеу талап етілетін Одақтың құқықтық актілерінің тізбесін қалыптастыру қажет",- деп атап өтті ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров.

Қаралған тақырыптардың арасында - ДКҰ күн тәртібін қарау шеңберінде ЕЭК пен ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастыруға орайлас тәсілдемелерді тұжырымдау бар. ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық блогы жұмыс тобына қатысушылармен осы мәселе бойынша тиімді диалог жалғасады деп санайды.

Анықтама

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 11.7.5.-тармағында Одақтың ДКҰ мүшесі мәртебесін алуы, Одақтың ДКҰ-ның негіз қалаушы құжаттарына қосылу мүмкіндігін пысықтау сияқты іс-шаралар көзделген.