Жаңалықтар

12.09.2022 (Обновлено: 23.09.2022 10:06)

ЕЭК ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік комитетімен ынтымақтастықты дамытады

Халықаралық ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық комиссия қызметіндегі ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді және жасасылған меморандумдар мен келісімдердің негізінде жүзеге асырылады, ал Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) арасындағы диалог жандандыруға орайлас оң үрдіске ие. Бұл туралы ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко 12 қыркүйекте Тель-Авив қаласында (Израиль) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің 72-сессиясының ашылуында айтты.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитеті арасындағы 2021 жылы қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды дамыту үшін оны іске асыру жөнінде 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дайындалды.

ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72-сессиясы іс-шараларының барысында Виктора Назаренконың мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі жоспарлануда, онда ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитеті арасындағы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.