ЕЭК Астық жөніндегі халықаралық кеңеспен ынтымақтастықты дамытады

23 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян және Астық жөніндегі халықаралық кеңестің (АХК) атқарушы директоры Арно Пети ЕЭК пен АХК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданысын ұзарту туралы хаттамаға қол қойды.

Тараптар астық нарығына мониторинг жүргізу, астық, бұршақ, майлы дақылдар бойынша сұраныс пен ұсынысты болжау және мемлекеттік реттеу шаралары мен олардың әлемдік астық нарығына ықпалына мониторинг жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

Бірлескен консультациялар өткізу және талдамалық құжаттарды дайындау жоспарланып отыр.

«Хаттамаға қол қою – Астық жөніндегі халықаралық кеңеспен ынтымақтастықты дамытудың кезекті маңызды кезеңі. Біздің жұмысымыздың бұл бағытын ұлттық және жаһандық деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше маңызды деп санаймыз», – деп атап өтті Гоар Барсегян.

Халықаралық астық кеңесі 1949 жылы құрылған үкіметаралық ұйым. Оның қызметі 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға сәйкес дәнді дақылдар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және астық, майлы дақылдар мен күріш саудасын қамтиды. АХК құрамына ЕАЭО елдерінен Қазақстан мен Ресей кіреді.