ЕЭК БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен өзара іс-қимылды дамытады

8-9 маусымда Римде Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Кеңесінің сессиясына қатысты.

Сессия барысында Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян және өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрінің көмекшісі Зоя Морочкова Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ФАО жанындағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен және Римдегі басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін дамытудың өзекті мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

Тараптар азық-түлікпен қамтамасыз ету, органикалық ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты және ЕЭК пен ФАО өзара іс-қимылының күн тәртібін іске асыру үшін байланыстарды жалғастыруға келісті.

Отырысқа ЕАЭО және ФАО елдерінің, БҰҰ қорларының, бағдарламалары мен мамандандырылған мекемелерінің өкілдері, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың бақылаушылары, ғылыми топтардың, жеке сектордың және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

ФАО Кеңесі ұйымның бас атқарушы органы болып табылады, әкімшілік функцияларды орындайды және азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік жағдайды зерттейді.