Жаңалықтар

25.11.2021 (Обновлено: 31.03.2022 15:26)

ЕЭК кедендік реттеуді жетілдіреді және дәрілерді тіркеуді оңайлатады

25 қарашада өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау жөніндегі жұмыс тобының отырысында Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары Ғалия Жолдыбаеваның төрағалық етуімен кедендік реттеу және дәрілік заттар айналысы мәселелері қаралды. ЕЭК Алқасының тауарға декларацияда шетелдік уәкілетті экономикалық оператор туралы мәліметтерді көрсету мүмкіндігін ұсынатын шешімінің жобасы талқыланды. Бұл шешім үшінші елдермен уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану туралы халықаралық шарт жасасу шамасына қарай сыртқы экономикалық қызметті жүргізу шарттарын оңайлатуға ықпал етеді.

ЕЭК Алқасының Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не кеден органдары оларды шығаруды белгіленген тәртіпте жүргізбеген тауарларды адал сатып алушылар үшін кедендік декларациялауды жүзеге асыру механизмін регламенттейтін шешімінің жобасы қаралды.

Жұмыс тобы ЕЭК Алқасының кері экспорт кедендік рәсімі шеңберінде Одақтан әкетілетін өңдеу өнімдерінің кедендік транзитін кедендік рәсімге жатқызу туралы қосарласқан талапты алып тастауды қамтамасыз ететін шешімінің жобасын қолдады. Бұл ретте жұмыс тобы ұқсас оңайлатуды өңдеу өнімдеріне ғана емес, Одақтың кедендік аумағында тауарларды өңдеу шеңберінде пайда болатын шығындар мен қалдықтарға да қолдану туралы мәселені қосымша пысықтау қажеттігіне назар аударды.

Жұмыс тобы Медициналық қолдану үшін дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер жобасын да қарады. Бұл өзгерістер элктрондық құжат айналымының және дәрілік препараттардың сапасын бағалау кезіндегі арақашықтық рәсімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Одақтың ортақ фармацевтика нарығында дәрілік препараттарға оңай әрі тез қол жеткізу рәсімдерінің жаңа үш түрін (шартты тіркеу, айрықша жағдайларда тіркеу және құжаттарды тездетіп сараптау) енгізуге мүмкіндік береді.