Жаңалықтар

24.01.2022 (Обновлено: 02.02.2022 15:25)

ЕЭК тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін адал іскерлік практика қағидаттарын ендіруді бизнеспен бірлесіп дамытады

Тұтынушылар құқықтарын қорғау ЕАЭО-дағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың бағдары ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия Шырын, су және ішімдік өндірушілер одағының қатысуымен ұйымдастырған дөңгелек үстелдің тақырыбы болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының іс-шараларын іске асыруға іскер топтарды қосудың маңыздылығын атап көрсетті.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа кепілдігін, қауіпсіздігін, хабардарлықты және тұтынушылар құқықтарының тиісті қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Алқасы бекіткен адал іскерлік практикасының қағидаттары мен критерийлерін ендірудің маңыздылығы атап өтілді.

«Бизнеспен диалог ЕАЭО шеңберінде тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекетаралық жүйесін құру үшін айрықша маңызды», — деп атап көрсетті Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова.

Дөңгелек үстелге «Роспотребнадзор» және Ресей Федерациясының Тұтынушылар одағы атынан қатысушылар тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірудің ұлттық тәжірибесін ұсынды, оның негізгі бағыты — тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы бұзушылықтың профилактикасы және бизнес қоғамдық тұтынушылар одақтарының қатысуымен жүргізетін өзін-өзі тексеру рәсімін ендіру болып табылады.

Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей шырын, су және ішімдік өндірісі индустриясының өкілдері ерікті стандарттар мен міндеттемелер қолданудың, соның ішінде өндірілетін өнімде қант деңгейінің құрамын азайтуға, ерікті таңбалау ендіруге байланысты тәжірибесін таныстырды. Сатып алынатын өнімнің құрамы туралы тұтынушының хабардарлығын арттыру үшін бұл маңызды.

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері халықаралық практика және ауқаттық аурулар профилактикасына бағытталған әлем жұртшылығының күш-жігері туралы айтып берді. Наталья Жукованың сөзінше, халықтың денсаулық көрсеткіштеріне маңызды ықпалы болатын өңірлік тұтынуды қамтамасыз ету проблемаларын шешуде ЕЭК пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара іс-қимылды өсіре түсу үшін елеулі әлеует бар.

Осы әлеуетті ашу үшін өткен жылдың соңында ЕЭК пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оны іске асыру үшін ЕАЭО елдерінің өндірілетін тамақ өнімінің сапасын қамтамасыз ету негізінде азаматтардың денсаулығын қорғау мен нығайту үшін қабылдап жатқан шараларына қолдау көрсетуге ықпал ететін бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарланған.

«ЕАЭО шеңберінде тұтынушылар мүдделерін қорғау үшін іскерлік практиканың табысты модельдерін ілгерілету — Комиссия мен Одақ елдерінің бірлескен жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бизнесті жауапты әрі ұтымды өндіріске ендіруге ынталандыруға, өнімнің тұтынушылардың сұраныстары мен үмітіне сай келетін тұрақты сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Наталья Жукова.