Жаңалықтар

07.03.2023 (Обновлено: 14.03.2023 17:07)

ЕЭК ЕАЭО елдерімен бірлесіп еңбек көші қоны саласындағы өзекті мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін қарастыруда

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен еңбек көші-қоны, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және жұмысшылардың кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттердің отырыстары өтті.


Отырыстарға Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мүдделі өкілдерінен басқа Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы, ТМД Атқарушы комитеті, Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясы сияқты бірқатар халықаралық ұйымдар белсенді қатысты.

Жұмысқа орналастыру рәсімдерін оңайлату, ЕАЭО бірыңғай еңбек нарығын одан әрі дамыту бойынша тәсілдерді жетілдіру, Одақ елдерінің жұмысшылары мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер беру мәселелері талқыланды.

Тараптар еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын одан әрі дамыту туындайтын еңбек қатынастарының жаңа нысандарын реттеудің жалпы тәсілдерін әзірлеумен, ЕАЭО еңбек нарығын болжаудың жалпы механизмін құрумен байланысты деп келісті.

Отырыс қатысушыларына 2021 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмыскерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің, сондай-ақ Мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдарының Келісім нормаларын қолдану бойынша өзара қарым-қатынасы тәртібінің іске асырылуы бойынша Комиссия мониторинг жүргізетіні туралы хабарланды.

Консультативтік комитет мүшелері тағы бір маңызды тақырыпты – зейнетақыны белгілеу және экспорттау кезінде мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-әрекетін қағаздан электрондық форматқа көшіру мәселесін талқылады.

Цитата«Өзара іс-әрекеттің электрондық форматы тараптардың жұмыскерлерге зейнетақы белгілеу және төлеу үшін қажетті құзыретті органдары арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы тағайындау және төлеу үшін өтініштерін қарау мерзімдерін едәуір қысқартады», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Аталған Келісімдер мен Тәртіпті іске асыруға байланысты проблемалық мәселелерді талқылауға, соның ішінде Жұмыскерлердің жұмыс өтілін растау үшін формулярларды қолдануға қатысты тәртіп ережелерін әр түрлі түсіндіруіне ерекше назар аударылды. Тараптардың өкілдері осы мәселе бойынша консультативтік қорытынды алу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың сотына жүгінудің орындылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ЕАЭО-ның басқа елінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер азаматтарға Одақ мемлекеттерінің білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тура мойындау мәселесі қаралды. Іс-шараға қатысушылар ынтымақтастықтың ықтимал тетігін әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Одақтың бірыңғай еңбек нарығында жұмыскерлердің жұмысқа орналасу жолында кедергілер жасамауға ерекше назар аударылды.

«Біздің басты міндеттеріміздің бірі – азаматтар үшін қолда бар артықшылықтарды сақтап қана қоймай, біздің интеграциялық бірлестік шеңберінде жұмысқа орналасу ыңғайлылығын арттыру бойынша жұмыс істеу», – деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.