ЕЭК Дүниежүзілік кеден ұйымымен өзара іс-қимыл жөнінде жұмыс тобын құрды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДКҰ) өзара іс-қимыл жөнінде жұмыс тобын құру туралы өкім қабылдады.

Жұмыс тобының негізгі міндеттері — ЕАЭО-ны ДКҰ-ның негіз қалаушы аспаптары мен құралдарына қосу мүмкіндігін пысықтауға, Одақтың және оған мүше мемлекеттердің осы ұйымдағы мүдделерін ілгерілетуге және Одақтың ДКҰ мүшесі мәртебесін алуына байланысты шаралар кешенін тұжырымдау.

Комиссияның Дүниежүзілік кеден ұйымының жұмысына толық мәнді қатысуы кедендік реттеу саласында халықаралық стандарттар әзірлеуге қатысуына және олардың одақтық құқыққа сәйкестігін талдауға мүмкіндік береді.

Анықтама

 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 11.7.5-тармағында мынадай іс-шаралар көзделген: мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақтың ДКҰ мүшесі мәртебесін алуына бағытталған іс-қимыл жүргізу; Одақты ДКҰ-ның негіз қалаушы құжаттарына қосу мүмкіндігін пысықтау.