Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) төрағасы Лок Бахадур Тапаның Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріндегі кездесуінде БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруға өңірлердің қосқан үлесі мәселелері талқыланды.
ЕЭК министрі Комиссия интеграциялық процестердің орнықты даму мақсаттарын орындауға әсерін тұрақты негізде талдайтынын және осы жұмыстың нәтижелерін халықаралық әріптестермен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Тараптар тұрақты жұмыс бойынша байланысуды сақтауға және практикалық өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын пысықтауға кірісуге уағдаласты.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев БҰҰ-ның Тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы директоры Даяне Кейтамен келіссөздер жүргізді.
Ұйымның Еуразиялық экономикалық комиссиямен Өзара түсіністік туралы меморандум түріндегі қатынасты рәсімилеуге мүдделілігі атап өтілді. ЕАЭО елдерінің көші-қон ағыны және Одақ елдерінің әлемдік азық-түлік өндірісіндегі көшбасшылық позициясын ескере келгендегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибесі мен практикасы ерекше қызығушылық тудырады. Осыған байланысты Даяне Кейта бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ демография, көші-қон және орнықты даму саласында тәжірибе ауысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.