Жаңалықтар

15.11.2022 (Обновлено: 24.11.2022 12:24)

ЕЭК таңбалауға жататын тауарлар жинақталымына қатысты декларация толтыру қағидаларын оңайлатты

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Тауарларға декларация толтыру тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың бір немесе бірнеше елі енгізген тауарларды таңбалау туралы мәліметтерді көрсету бөлігінде өзгертті.

Қабылданған өзгерістердің бірі — декларацияда тауарлар жинақталымының (жиынының) сәйкестендіру кодтарын көрсетуге мүмкіндік береді.

"Ұсынылып отырған тәсілдеме бизнес үшін жинақталымды әкелінетін тауарларға декларация толтыруды жеңілдетеді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов.

Екінші қабылданған өзгеріс Одақ шеңберінде қағидаларды одан әрі сәйкестендіруге қатысты. Таңбалауды бір немесе бірнеше мемлекеттің енгізуі мүмкін екендігіне қарамастан, мәліметтерді көрсету қағидалары барынша жақындастырылатын болады.

"Сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарларға қатысты мәліметтерді көрсету қағидаларын біртіндеп біріздендіреміз", — деп атап көрсетті Максат Мамытканов. 


Анықтама

2019 жылғы 29 наурызда күшіне енген, 2018 жылғы 2 ақпандағы ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес, Одақта тауарлар бірыңғай таңбалануы мүмкін не оны одақтық бір немесе бірнеше мемлекет енгізе алады.

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібіне сай, таңбалауға жататын тауарларға қатысты 10-нөмірмен бақылау (сәйкестендіру) белгілері туралы, ал 13-нөмірмен сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтер көрсетіледі.