Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы басты құжаттарын бекітті
ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы басты құжаттарын бекітті
09.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы статистикалық көрсеткіштердің тізбесін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің оларды Комиссияға ұсыну форматтарын бекітті. 2026 жылдан бастап Комиссия 420 статистикалық көрсеткіш бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыратын болады. ЕАЭО елдері ЕЭК-ке 248 формат бойынша статистикалық ақпарат беретін болады, олардың 57-сін айлық кезеңділікпен, 99-ын тоқсандық және 393-ін жылдық кезеңділікпен береді.
ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиевтің сөзінше, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату Еуразиялық экономикалық интеграцияның түрлі саласында маңызды шешімдер қабылдау үшін ақпараттық-талдамалық негіз болып табылады, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқа интеграциялық бірлестіктермен халықаралық салыстыруға мүмкіндік береді.ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссияның 2026 жылға арналған статистикалық жұмыстарының бағдарламасын да бекітті. Келесі жылы Комиссияның ресми сайтында экспресс-ақпарат, талдамалық шолулар, статистикалық кестелер, буклеттер, бюллетеньдер мен жинақтар түрінде орналастырылатын 252 статистикалық жарияланым жоспарланған.