Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімін орындау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Қытай Халық Республикасынан әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шараның параметрлерін бекітті. Бес жыл мерзімге енгізілетін тиісті демпингке қарсы баж ставкалары өндірушіге байланысты 19,92-ден 22,51%-ға дейінгі мөлшерде айқындалды.
Бұл ретте Liaoning Dantan New Materials Co., Ltd. компаниясы қабылдаған, оларды орындау талапшарты кезінде тиісті тауарларға демпингке қарсы баж төленбейтін баға міндеттемелері мақұлданды.
Бұл тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері үшін белгіленген жыл сайынғы көлемдер шегінде (баға міндеттемелері шеңберінен тыс) демпингке қарсы баж төлемей әкелу олардың нысаналы мақсаты расталған кезде жүзеге асырылатын болады.Осымен бір мезгілде әкелудің жыл сайынғы көлемі белгіленді, оның шеңберінде демпингке қарсы баж алынбайды. "Көрсетілген көлемдер Армения Республикасы үшін 700 тонна, Беларусь Республикасы үшін 1000 тонна, Қазақстан Республикасы үшін 1000 тонна болады", – деп нақтылады ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.