ЕЭК навигациялық пломбаларды қолдана отырып механизмді іске қосуға арналған барлық құжаттарды бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында 20 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақта жүк тасымалдарын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты екі Тәртіп бекітілді. Бұл тиісті механизмді іске қосуға арналған қажетті құжаттардың соңғысы.

Бірінші құжат – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаларды шешіп алу кезінде жұмылдырылатын ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың қадағаланатын объектіні бақылауды тоқтатпай және пломбаларды кейіннен салу кезіндегі, сондай-ақ қадағаланатын объектіге жасалатын бақылауды тоқтатпай жол жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбалар алынып тасталуы мүмкін жағдайлардағы іс-әрекеттерінің тәртібі.

Екінші құжат – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағаланатын объектінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде және қадағаланатын объектінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайлар кезінде жұмылдырылатын ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-әрекеттер тәртібі.

2023 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауларды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енгені белгілі. Ол тауарларды тасымалдау (транзит, экспорт және өзара сауда аясында) кезінде мемлекеттік бақылау шараларын барынша азайтуға және олардың Одақ аумағында заңды айналымын қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімде тауарлардың санаттары мен олар тасымалданатын көлік түрлерін ескере отырып, қадағалауды кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Бұл тәсіл тасымалдауға қатысушылардың және мемлекеттік органдардың қазіргі талаптарға сай жұмыс жағдайларына оңай бейімделуін қамтамасыз етеді. 

Аталған технологияны біздің Одақ елдерінде пайдалану жүздеген және мыңдаған шақырым қашықта отырып онлайн-режимде көлікті бақылауға және жүк бөліміндегі пломба салынған тауарларды рұқсатсыз ашу сияқты әрекетті, егер мұндай жағдайлар болып жатса, тіркеуге мүмкіндік береді. Навигациялық пломбаларды қолдану нәтижесінде тасымалдаулардың «ашықтығы» қамтамасыз етіледі» , – деп атап өтті ЕЭК кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров. 


Келісімді және оны іске асыру жөніндегі нормативтік актілерді, соның ішінде соңғы Тәртіптерді Комиссия қызығушылық танытқан министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ Одақ елдерінің іскери қоғамдастығымен бірлесіп әзірледі. Бұл ретте мүше мемлекеттерде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру барысында алынған тәжірибе ескерілді.
 

ЕАЭО елдері тарапынан да Келісімді іс жүзінде іске асыруды бастау үшін қажетті іс-шаралар аяқталуда. Қазір тараптар навигациялық пломбаларды қолдана отырып, жүк тасымалдарын қадағалауды бастауға өздерінің дайындығын бағалайды, ақпараттық жүйелерді шоғырландыруды, ұлттық деңгейде актілерді дайындауды аяқтайды, тарифтерді айқындайды және т. б. Барлық қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін Одақ мемлекеттері ұлттық деңгейде қадағалауды бастауға дайын екендігі туралы Комиссияға хабарлайды, ол өз кезегінде Одақта Келісімнің іс жүзінде қолданылуы басталған күн туралы өкімдік актіні шығарады.