ЕЭК өнеркәсіптік қою спирттерге арналған әкелу бажын уақытша нөлге түсірді
15.03.2022

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өнеркәсіптік қою спирттерге қатысты кедендік әкелу бажын 3 жыл мерзімге 0% мөлшерінде белгіледі. Қазір ставка 5% құрайды.

Бұл тауарлар сұйық жуу және тазалау құралдары, косметика өндірісі кезінде үстіңгі-белсенді заттарды алу үшін, металлургиядағы, өнеркәсіптің тоқыма, былғары, лак-бояу, қағаз, тамақ, медицина салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы әуелгі шикізаттар болып табылады.

Қазір өнеркәсіптік қою спирттер Еуразиялық экономикалық одақта өндірілмейді, сол себепті керекті қажеттілік импорттық жекізілімдер есебінен қанағаттандырылады.

   

«Кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы Одақ елдеріндегі үстіңгі-белсенді заттарды өндірушілерді қолдауға, олардың өзіндік құнын азайтуға, сондай-ақ ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

 Анықтама

ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 10 наурыздағы № 17 және 2018 жылғы 13 маусымдағы № 99 шешімдеріне сәйкес қаралып отырған тауарларға қатысты кедендік құннан 0% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2015 жылғы сәуірден бастап 2017 жылғы желтоқсанға дейін және 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2021 жылғы тамызға дейін қолданылды.