Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен Орталық Африка мемлекеттерінің Экономикалық қоғамдастығы (ОАМЭҚ) ресми өкілдерінің бірінші жұмыс кездесуі болып өтті. ЕЭК делегациясын Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев, ОАМЭҚ делегациясын осы ұйым Комиссиясының төрағасы Жильберт да Пьедаде Вериссиму басқарды.
Сергей Глазьев Сочиде бірінші Ресей-Африка саммиті болып өткеннен кейін Комиссияның Африкадағы өңірлік те, субөңірлік те интеграциялық бірлестіктермен байланысуы жанданғаны туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Жильберт да Пьедаде Вериссиму ОАМЭҚ-тың ЕАЭО-мен және Одақтың ұлтүсті органы ретінде ЕЭК-пен өзара іс-қимылын жолға қоюды жақтап сөйледі және ЕАЭО-ның озат тәжірибесі мен интеграциялық практикаларын зерделеуге мүдделілікті атап көрсетті.
Кездесуге қатысушылар алдағы екінші Ресей-Африка саммиті алаңдарында, сондай-ақ БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары (ЮНКТАД, ЭКОСОС и басқалары) желісі бойынша іс-шаралар шеңберінде бірлескен тақырыптық сессиялар және өзара мүдделілік білдірілген тақырыптама, соның ішінде орнықты даму мәселелері бойынша семинарлар өткізу туралы уағдаласты. Сондай-ақ ЕАЭО-да, сол сияқты ОАМЭҚ-та қалың жұртшылық үшін интеграциялық бірлестіктердің бірлескен таныстырылымын өткізу қажеттігі туралы түсіністікке қол жеткізілді.
Сергей Глазьев Жильберт да Пьедаде Вериссимуді Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті аспектілері туралы, соның ішінде Одақтың халықаралық қызметінің нәтижелері туралы хабардар етті. Әңгімелесуші өз кезегінде ЕЭК-пен орнықты диалог орнатуға және Комиссиямен ынтымақтастықты рәсімилеу мәселесін пысықтау мүмкіндігіне мүдделілік білдірді.
Анықтама
Орталық Африка мемлекеттерінің Экономикалық қоғамдастығы (ОАМЭҚ – Economic Community of Central African States, ECCAS) – 1983 жылы құрылған, құрамына Ангола, Бурунди, Габон, КДР, Камерун, Конго Республикасы, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, ОАР, Чад, Экваторлық Гвинея кіретін Орталық Африка елдерінің интеграциялық бірлестігі.
Ұйымның мәлімделген мақсаттары қатысушы елдер арасындағы интеграциялық процестерді дамыту, өздерінің экономикалық күштеріне сүйене отырып, оларды жан-жақты тереңдетуге жәрдемдесу, ортақ нарықты құруға ілгерілету болып табылады. Интеграциялық міндеттердің «классикалық» жиынтығынан басқа, ОАМЭҚ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, терроризмге және қарақшылыққа қарсы күрес, қоғамдастық кеңістігіндегі сайлау процестерін қолдау функцияларымен де айналысады.