Жаңалықтар

23.12.2024

ЕАЭО елдерінің экономикасы экономикалық өсудің оң серпінін сақтап отыр

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінде жалпы ішкі өнімнің өсуінің оң серпіні байқалуда (Арменияда 6,0%-ға, Беларусьте 4,5%-ға, Қазақстанда 4,1%-ға, Қырғызстанда 8,4%-ға, Ресейде 4,2%-ға), ал осы кезеңде ЕАЭО ЖІӨ-нің өсу қарқыны 4,2%-ға ұлғайды.

Одақтың барлық елдеріндегі экономикалық өсудің негізгі көздері көтерме және бөлшек сауда, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс болды. Арменияда экономиканың жоғары өсу қарқыны жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, Беларусьте және Қазақстанда ауыл шаруашылығы, Қырғызстанда және Ресейде қаржы және сақтандыру қызметі есебінен де қолдау тапты.

ЕЭК 2024 жылдың қорытындысы бойынша Одақтың ЖІӨ-нің 4,1%-ға өсуін күтуде.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі жалпы ішкі өнім туралы деректер: