Жаңалықтар

05.04.2022 (Обновлено: 19.04.2022 17:47)

ЕАЭО елдерінің сарапшылары ЕАЭО КК басымдықты түзетулерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден блогының және Одақ елдерінің сарапшылық тобының мүшелері ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру, халықаралық тасымалдың көлік құралдарының тиелген азыққорларымен орын ауыстыруы үшін қажетті Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің өзгерістерін келісті.

Топтың бірнеше күн бойы өткен отырыстарында одақтық мемлекеттер мен Комиссия ұсынған басымдықты мәселелер бойынша ЕАЭО КК-нің шамамен 100 өзгерісі талқыланды. Жұмыс ЕАЭО КК өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бірінші жобасын дайындау шеңберінде жүргізілуде.

Кеден транзитінің кедендік рәсімдерін жеңілдету, еркін кеден аймағының және еркін қойманың кедендік рәсімдерін қолдану, бажсыз сауда, кедендік қойма және кері экспорт тақырыптары да басты назарда болды.

Бейінді сарапшылық топтың отырысы соңғы екі жылда бірінші рет көзбе-көз форматта өткенін атап өтеміз. Оған қатысушылардың пікірінше, мұндай формат Кеден кодексін жетілдірумен бұдан да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

2022 жылы барлығы 200-ден астам басымдықты түзетулерді қарап, қабылдау жоспарланып отыр, бұлар ЕАЭО КК өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бірінші жобасына кірістірілетін болады. ЕАЭО елдері мен Комиссия ұсынған түзетулер ЕАЭО КК нормаларын нақтылау және реттелмеген мәселелерді алып тастау есебінен бизнестің шығындарын қысқартуға, теріс құқық қолдану және сот практикасын болғызбауға бағытталған.