Жаңалықтар

01.03.2023 (Обновлено: 01.03.2023 11:30)

Эльдар Алишеров ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі болып тағайындалды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 2 шешімімен Эльдар Туралиевич Алишеров Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кедендік ынтымақтастық мәселелері кіреді.

ЕЭК-тің жаңа министрінің Қырғыз Республикасының мемлекеттік билік органдарында жинақтаған қомақты басшылық жұмыс тәжірибесі бар.

Эльдар Алишеров бұрын 2022 жылдан бастап Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

Өмірбаян
1985 жылы Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасында туған.
2007 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша, 2017 жылы Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын "Мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Қырғыз Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде бастап, 2008-2010 жылдары бөлім меңгерушілігінен министрдің көмекшісіне дейінгі сатыдан өтті.
2011-2014 жылдары бизнес-секторда жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары Қырғыз Республикасы бірінші вице-премьерінің көмекшісі, кеңесшісі болды.
2018-2022 жылдары Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Еуразиялық экономикалық одақ істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2023 жылғы 1 наурыздан бастап Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) болып тағайындалды.
Бірқатар ведомстволық марапатқа ие.
Мемлекеттік азаматтық қызметтің 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.