Жаңалықтар

22.04.2025

Эльдар Алишеров Ереванға жұмыс сапары барысында бірқатар кездесу өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары Нарек Овакимянмен жұмыс кездесуін өткізді. "Еуразиялық экономикалық жол" 2030-Декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды қоса, Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелері талқыланды. Соның ішінде тараптардың келісілген шешімдерін әзірлеуді талап ететін тақырыптар қаралды.

Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарянмен жұмыс кездесуі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру мәселелері талқыланып, ЕЭК-тің қарымды халықаралық әріптестерімен, соның ішінде өңірлік бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың алаңдарында іс-шаралар өткізуіне баса назар аударылды.

Сондай-ақ, Эльдар Алишеров Статистика комитетінің басшысы, Статистика жөніндегі мемлекеттік кеңестің төрағасы Степан Мнацаканянмен келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара іс-қимылдың ағымдағы деңгейін және статистика саласындағы интеграцияны дамытудың ұзақ мерзімді келешекке арналған перспективалық бағыттарын талқылады. Бұл арада сөз статистиканы цифрландыру мен оны қалыптастырудың ғылыми тәсілдемесі жайында болды. SDMX деректерін және метадеректерін алмасу стандартын ендіруге айрықша назар аударылды.