Эльмира Жақсылыққызы Сыздықова 1991 жылы туған.
"Экономика" мамандығы бойынша 2014 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің "бакалавриатын, ал 2016 жылы магистратурасын бітірген.
Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмысқа ауысқанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаментінде түрлі лауазымда еңбек етті.
"Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" (2022 жылы) және "Еуразиялық экономикалық одаққа 10 жыл" (2024 жылы) медальдарымен марапатталған.
2025 жылғы 22 сәуірден бастап ЕЭК-тің Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.