ЕҮАК өнеркәсіптегі бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыруды қарастырды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 13 желтоқсанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында өнеркәсіптегі бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық көмек көрсету механизмін іске асыру барысын талқылады.

2024 жылғы маусым айында кооперациялық жобаларға қаржылық көмек көрсету бойынша ЕАЭО туралы шартқа өзгертулер енгізу туралы хаттама күшіне енгені атап өтілді. Еуразиялық экономикалық комиссия осындай қолдау көрсету өкілеттігіне ие болды.

Комиссияға Жобаларды қарауға арналған өтінімдерді уәкілетті ұлттық банктер және Еуразиялық даму банкі береді. Олар өтінімдерді іске асыру кезінде бизнеспен байланыстырушы буын болып табылады.

Қазір Комиссия үш кооперациялық жобаны қарастыруда. Оған Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері қатысып жатыр. Жобалар химия, ауылшаруашылық және теміржол машиналары сияқты салаларды қамтиды. ЕЭК-ке келіп түскен алғашқы өтінімдерді осы жылдың соңына дейін Одақ органдарында белгіленген тәртіппен қарау жоспарлануда.

Комиссияның жаңа механизмді іске асыру жөніндегі жұмысының жарты жылдағы тәжірибесі өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу туралы ереженің бірқатар нормаларын түзету қажеттігін анықтады. Құжатты жетілдіру бойынша ұсыныстардың бір бөлігі бизнес өкілдерінен келіп түсті.

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері кооперациялық жобаларды Ресей-Қырғыз қорын субсидиялауға қатыса алатын ұйымдардың тізбесіне енгізуді мақұлдады.