Жаңалықтар

10.11.2014

ЕЭК-да Орта Азия және Таяу Шығыс елдері бойынша «Аймақтық экономиканы шолу» ХВҚ баяндамасының тұсаукесері

Бет мазмұны10 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияда Халықаралық валюта қорының Орта Азия және Таяу Шығыс елдеріне арналған, «Аймақтық экономиканы шолу» баяндамасының кезекті шығарылымының тұсаукесері болып өтеді. Таяу Шығыс және Орта Азия елдері бойынша ХВҚ Басқармасының директор орынбасары Юха Кэхоненмен «Кавказ және Орта Азия (КОА): экономикалық келешектері мен экономикалық саясаттың мүмкін шаралары» тақырыбына ХВҚ баяндамасы ұсынылады.  Баяндама барысында келесі мәселелердің қаралуы болжалады: • Ресей-Украина қатынастарының экономикалық әсерін ескере отырып, КОА аймағының сегіз елі бойынша аса өзекті қысқа мерзімді болжамдар. • Аймақ елдерінің орташа мерзімді экономикалық даму келешектері. • Экономикалық саясаттың қабылданатын және болашақта болуы мүмкін шараларын талдау, сонымен қатар аймақ елдері үшін стратегиялық альтернативалар.  Іс-шараның өткізілу орны: Мәскеу қ., Смоленский бул. 3/5, конференц-зал (4 қабат, №408). Начало мероприятия: 11:00. ВҚызықтырған жағдайда, Румянцева Юлия Владимировнаға +7(495)6692400 (қос.4698) телефоны немесе rumyanceva@eecommission.org электронды пошта бойынша​ 2014 ж. 5 қарашаға дейін қатысатыныңызды растауыңызды сұраймыз. Байланыс тұлғасы: Макроэкономикалық саясат департаментінің ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары Зеленина Лариса Юрьевна, тел. +7(495)6692400 (қос. 4655), электронды пошта мекен-жайы: zelenina@eecommission.org   ​​