Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Күнтізбе
/
«ТМД және өзара әрекеттесудің жаңа форматтары» атты ТМД қатысушы-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы Еуразиялық ықпалдастық шеңберінде тұрақты экономикалық өсу Келешегі дөңгелек үстелі
14
Нау.
«ТМД және өзара әрекеттесудің жаңа форматтары» атты ТМД қатысушы-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы Еуразиялық ықпалдастық шеңберінде тұрақты экономикалық өсу Келешегі дөңгелек үстелі
Бет мазмұны2014 жылдың 14 наурызында Халықаралық сауда орталығында «Еуразиялық ықпалдастық шеңберінде тұрақты экономикалық өсу келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтеді, оның ұйымдастырушылары Еуразиялық экономикалық комиссия және Мемлекетаралық банк.
Дөңгелек үстел ТМД қатысушы-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы аясында өтеді, оған ТМД Экономикалық кеңес мүшелері, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Атқарушы комитетінің басшылары, ТМД қатысушы-мемлекеттердің министрліктер мен ведомство басшылары, салалық бірлестіктер, банктік құрылымдар, инвестициялық қорлар, биржалар, іскерлік кеңестердің жетекші менеджерлері, кәсіпкерлер, аналитикалық және сараптамалық орталықтар, ғылыми және білім беру мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар шетел серіктестері қатысады.
ТМД мүше-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумы ықпалдасу рәсімдерін одан әрі дамыту келешектерін талқылау бойынша диалог үшін бірегей платформа болып табылады. Дөңгелек үстел отырысы дамыған мемлекеттердің, сонымен қатар нарығы қалыптасып жатқан елдердің ықпалдастырылған бірлестіктерінің тәжірибелік халықаралық тәжірибесін ескере отырып, еуразиялық ықпалдастық шеңберінде тұрақты экономикалық өсуге жетудің келешегін талдауға арналатын болады.
Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссияның Негізгі ықпалдастық бағыттары және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Татьяна Дмитриевна Валовая, Мемлекетаралық банк президенті Игорь Георгиевич Суворов, сонымен қатар «Халықаралық сауда орталығы» ААҚ Бас директоры Владимир Юрьевич Саламатов ашады.
Сарапшылардың дөңгелек үстелдегі жұмысы барысында шығарылған ұсынымдар одан әрі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мемлекетаралық банктің тәжірибелік қызметінде пайдаланылады.
ТМД мүше-мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумының дөңгелек үстелдерінің жұмыс бағдарламасы