Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Күнтізбе
/
ЕЭК Министрі Татьяна Валоваяның келісілген макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру және оның ЕЭО елдеріндегі бағам түзуіне бағамына келтіретін әсері туралы баспасөз конференциясы
20
Қаз.
ЕЭК Министрі Татьяна Валоваяның келісілген макроэкономикалық саясатты жүзеге асыру және оның ЕЭО елдеріндегі бағам түзуіне бағамына келтіретін әсері туралы баспасөз конференциясы
Бет мазмұны20 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиядағы интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валовая және сауда мен даму бойынша БҰҰ Конференциясының (ЮНКТАД) даму стратегиясы мен жаһандану бөлімінің экономисі Игорь Пауновичтің бірлескен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясы "өңірлік интеграциялық бірлестіктердің макроэкономикалық саясатын үйлестірудің қазіргі тенденциялары: мүмкіндіктер мен талаптар" атты халықаралық өңірлік семинарының қорытындылары бойынша өтеді. ЕЭК мен ЮНКТАД және Халықаралық банкпен бірлесіп ұйымдастырылған семинар да осы күні 20 қазанда өтеді.
ЕЭК Интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі Министрі Татьяна Валовая журналистерге жаһандық экономиканың даму тенденциясы мен әлемдік шикізат-тауары нарығында бағаның құбылмалығын ескеріп, келісілген макроэкономикалық саясат пен оның ЕЭО мүше мемлекеттерінің валюта бағамы элементіне әсері туралы айтып береді.
Өз кезегінде ЮНКТАД маманы, халықаралық қаржы құрылымын реформалау мәселелеріне арналатын "Сауда және даму туралы баяндама - 2015" ұсынады.
Журналисттерді 20 қазанда 12.30 да баспасөз-конференциясына қатысуға және қызықтыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз.
Баспасөз конференциясы Мәскеу қ., Смоленский желекжолы 3/5, 1 құр. мекенжайы бойынша өтеді.
Іс-шараға өкілеттікті zhiteneva@eecommission.orgэлектронды поштасы немесе 8 (495) 669-24-00, қос. 41-69, 8-925-052-92-62 телефондары арқылы алса болады, ЕЭК баспасөз қызметінің кеңесшісі Алена Житенова.
Т.А.Ә., лауазым, БАҚ атауы, сондай аппаратура тізімін ұсыну қажет.