"Астық құны тізбегін құру тиімділігін арттыру: қоймалық сақтауды үндестіру және жаңғырту" халықаралық вебинары
Іс-шара 2021 жылғы 12 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық астық кеңесі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Халықаралық астық кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Вебинар тақырыбы астықты сақтау мен қойма инфрақұрылымын дамытудағы қазіргі заманғы үрдістерге, нарықтық ақпарат мониториңіне және цифрландырудың өскелең рөліне арналған.
Іс-шараға қатысуға халықаралық ұйымдардың, астық қауымдастықтарының, ЕАЭО мемлекеттері мен үшінші елдердің бейінді мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдарының өкілдері шақырылды.
Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: ТІРКЕУ
Іскерлік бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: БАҒДАРЛАМА
Вебинардың жұмыс тілдері: орыс, ағылшын.
Қатысу мәселелері бойынша байланысатын адам: Янина Елена Владимировна, тел. + 7 (495) 669-24-00 қос. 48-68, e-mail: yanina@eecommission.org.