ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовктың сутегі энергетикасы — 2026 жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуы
2026 жылғы 29-30 қазанда Халықаралық сауда орталығында (Мәскеу қаласы, Краснопресненская жағалауы, 12) жыл сайынғы сутегі энергетикасы жөніндегі халықаралық конференция өтеді.
Іскерлік бағдарлама шеңберінде:
— "Энергоатлас: Сутегі энергетикасының технологиялары" цифрлық экспозициясының таныстырылымы;
— "Ресейдегі сутегі энергетикасының болашағы: дамудың басты бағыттары, басымдықты жобалар және мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары" стратегиялық сессиясы;
— "Сутегі технологияларын ендіру: пилоттықтан масштабтауға қарай" технологиялық сессиясы;
— "Халықаралық сутегі диалогы: технология, нарық, әріптестік" сессиясы;
— "H₂ қозғалыста: сутегі көлігіндегі үздік практика" технологиялық сессиясы болады;
— Ресей Федерациясының жекелеген ұйымдарындағы сутегі технологияларының әзірленуімен және практикалық қолданылуымен танысу.
Конференцияға ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіп блогының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, салалық ұйымдарының және ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысады.