Жаңалықтар

22.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 11:38)

ЕАЭО статистика қызметтерінің басшылары цифрлық экономиканың статистикасын қалыптастыруды талқылады

21 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен өткен жұмыс кездесуінде мүше мемлекеттердің статистика қызметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық экономикасының статистикасын қалыптастыру мәселелерін және бірлескен жұмыстың басқа да бағыттарын талқылады. Кеңеске Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Халықаралық статистика комитеті төрағасының орынбасары Андрей Косарев те қатысты.

Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен мүше мемлекеттердің статистика қызметтерінің жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау, статистикалық сыныптау, Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу мониторингі бойынша одан әрі іс-қимыл, ресми статистикалық ақпаратты жинау мен тарату процесінде цифрлық технологияларды қолдануды кеңейту, соның ішінде деректер мен метадеректерді алмасудың халықаралық стандартын (SDMX) ендіру саласындағы бірлескен жұмысы туралы пікір алмасты. 

Бұдан басқа, ұлттық статистика қызметтерінің басшылары қысқа мерзімді перспективаға арналған ұлттық статистикалық жүйелерді дамытудың басымдықты бағыттары туралы ақпаратпен бөлісті және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізді. 

Кездесуде ұлттық статистикалық қызметтердің ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін әкімшілік деректер, «үлкен деректер» сияқты жаңа ақпарат көздерін пайдалануға көп көңіл бөлетіні атап өтілді. 

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық статистикалық қызметтері мен ЕЭК-тің бұдан арғы өзара іс-қимыл салалары айқындалды. Бұл Одақтың ресми статистикалық ақпаратының үндестіру және салғастырымдылық дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.