Жаңалықтар

20.05.2022 (Обновлено: 30.05.2022 11:11)

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Бішкекте Еуразиялық экономикалық форумға қатысады

26 мамырда Бішкекте өтетін Еуразиялық экономикалық форумның қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалы халықаралық әріптестерімен өзара іс-қимылды талқылайды. Сессия спикерлерінің арасында — Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин бар.


«ЕАЭО-ның перспективалы халықаралық әріптестерімен өзара іс-қимылы: Үлкен Еуразиядағы өзара пайдалы ынтымақтастық» тақырыптық сессиясы

Күні мен уақыты: 26 мамыр, 17:00 – 18:30 (жергілікті уақыт бойынша)

Орны: Бішкек, Эркиндик бульвары, 12-үй, «Orion», мейманханасы, «Каркыра» залы

ЕАЭО жұмыс істегеннен бастап оның халықаралық қызметінің кең ауқымды инфрақұрылымы қалыптасты. Байланысу географиясы Латын Америкасы мен Африкадан бастап Оңтүстік Шығыс Азияға дейінгі әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі шетелдік мемлекеттерді, өңірлік интеграциялық бірлестіктерді, сондай-ақ түйінді кең бейінді және тар бейінді халықаралық ұйымдарды қамтиды.

Бұл ретте халықаралық қызметтің сапасы ЕАЭО ішіндегі интеграцияның дамуына әрі ЕАЭО туралы шартта және 2025 жылға дейінгі ЕАЭО Стратегиясында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу қарқынына тікелей өзара байланысты.

Талқылауға арналған мәселелер:

·         Өзгермелі әлемдік экономикалық архитектура мен жаһандық экономиканың жаңа сын-қатерлері жағдайында ЕАЭО халықаралық қызметі үшін қандай мүмкіндіктер ашылады?

·         Үлкен Еуразия қарымды ойыншылар алдына қандай басымдықтарды қойып отыр және Үлкен Еуразиялық әріптестік тұжырымдамасы қандай мәнге ие болады?

·         ЕАЭО-ның сыртқы әріптестермен диалогы тұрғысында іскер топтар қандай сауалдар тұжырымдайды?

Модератор – Кирилл Барский, Ресей СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы» (АТЭЫ) форумындағы аға лауазымды тұлға

Спикерлер:

·         Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы

·         Александр Панкин, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары

·         Сергей Глазьев, Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі

·          Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының атқарушы директоры (АӨСШК)

·         Нгуен Хонг Зиен, Вьетнамның Өнеркәсіп және сауда министрі

·         Иван Поляков, Ресей – АСЕАН Іскерлік кеңесінің төрағасы

·         Олег Озеров, Ресей СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Ресей-Африка әріптестігі форумы Хатшылығының басшысы

·         Эмиль Кайкиев, 2018-2021 жылдары ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі

·         Эктор Хосе Сильва, Венесуэла Республикасы Сыртқы сауда мәселелері және инвестицияларды ынталандыру министрінің орынбасары

·         және басқалар.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық форум 26 мамырда Бішкекте бірінші рет өтеді. Форум бағдарламасы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін жалпы отырысты, сондай-ақ алты панельдік пікірсайысты қамтиды. Форумға қатысу тегін.

Форумға ресми сайтта тіркелуге болады.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі