ЕЭК
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндаманы мақұлдады
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндаманы мақұлдады
10.12.2021
Ырықтандыру жоспарларын іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай тағы төрт көрсетілетін қызметтер секторы бірыңғай нарық режиміне жатқызылады. Бұл мүлікті бағалау, жерасты және жерүсті маркшейдерлік суретке түсірулер, ауа райы болжамы мен метеорология сияқты көрсетілетін қызметтер.
«Ырықтандыру жоспарларын іске асыру арқасында көрсетілетін қызметтердің жаңа секторлары бірыңғай нарыққа кірістірілетін болады, бұл көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің мүмкіндігін кеңейтеді және ЕАЭО шеңберінде көрсетілетін қызметтердің өзара саудасының көлемін арттырады»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
Анықтама:
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы – тараптар кемсітушілік, сандық және өзге шектеулер қолданбайтын, рұқсаттар мен біліктіліктер танылатын және Одақтың бүкіл аумағында заңды тұлға нысанында қосымша құрмай көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін көрсетілетін қызметтердің нақты секторының жай-күйі. Бүгінгі таңда бірыңғай нарық форматында көрсетілетін қызметтердің 55 секторы жұмыс істейді.