Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары ҚХР-дан әкелінетін алюминий фольга мен титан диоксиді бойынша демпингке қарсы шараның параметрлері туралы уағдаласты
ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары ҚХР-дан әкелінетін алюминий фольга мен титан диоксиді бойынша демпингке қарсы шараның параметрлері туралы уағдаласты
30.09.2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына Қытай Халық Республикасынан әкелінетін алюминий фольга мен титан диоксидіне қатысты әкелудің жыл сайынғы көлемін белгілей отырып, демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешімдердің жобаларын қарауды тапсырды, соның шеңберінде демпингке қарсы баж алынбайды.
"Фольга жағдайында аталған көлемдер Беларусь Республикасы үшін – 385 тонна, Қазақстан Республикасы үшін – 2025 жылы 500 тонна, 2026 жылы 1 000 тонна, 2027 жылы 1300 тонна, 2028 жылы 1500 тонна, 2029 жылы 1 650 тонна, 2030 жылы 1 650 тонна, Қырғыз Республикасы үшін – 325 тонна құрауға тиіс. Титан диоксиді жағдайындағы сөз Армения Республикасы үшін 250 тонна, Беларусь Республикасы үшін 4500 тонна, Қазақстан Республикасы үшін 5000 тонна және Қырғыз Республикасы үшін 300 тонна туралы болып отыр", — деп нақтылады ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Мүше мемлекеттер үшін белгіленген жыл сайынғы көлемдер шегінде (баға міндеттемелері шеңберінен тыс) демпингке қарсы баж төлемей осы тауарларды әкелу олардың нысаналы мақсаты расталған кезде жүзеге асырылатын болады.
Тапсырмаға сәйкес мәселені ЕЭК Алқасы 2025 жылғы 14 қазанға дейін қарауға тиіс.