ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары 2024-2026 жылдарға арналған көлік саясатының түйінді бағыттарының жол картасын толықтырды
01.01.1970

Еуразиялық үкіметаралық кеңес алдағы үш жылға арналған көлік саясаты жөніндегі жол картасын кадрлық әлеуетті дамытудың іс-шараларымен толықтырды.

Сөйтіп, 2024 жылғы 1 қазанда келісілген ЕАЭО елдерінің 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (жол картасына) мынадай тағы үш іс-шара кірістірілді:

- жұмыскерлер тартуды және олардың біліктілігін арттыруды қоса, мүше мемлекеттердің көлік саласының кадрлық әлеуетін дамытудың таңдаулы практикасының мониторингі;

- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 қарашадағы "Автомобиль көлігі саласындағы неғұрлым сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптары туралы" № 31 ұсынымымен айқындалған біліктілік талаптарын мүше мемлекеттердің қолдануының мониторингі;

- азаматтық авиация саласындағы талаптарды қоспағанда, көлік саласындағы неғұрлым сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына қатысты ұсыныстар дайындау.

Жол картасы көлік саласындағы интеграциялық процестерді тереңдетуге, бірыңғай көлік кеңістігін және көрсетілетін көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған.

Жол картасының жаңа тармақтары жоғары кәсіби мамандарды ұтымды пайдалану, оларға қойылатын кәсіби және біліктілік талаптарын үндестіру, кадрлар даярлауды және персоналдың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті орталықтарды дамыту үшін жағдай жасауға қызмет етеді.