ЕАЭО елдерінің басшылары жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады
29.05.2026

29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекет басшылары Одақта жасанды интеллектіні жауапты дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені қабылдады. Бұл құжат ЖЕЭК Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуінде баяндалған басымдықтарды іске асыру мақсатында дайындалды.


Бұл мәлімдеме стратегиялық және негіздемелік сипатта болады және мүше мемлекеттердің ЕАЭО экономикасында жасанды интеллект технологияларын жауапты дамыту және қолдану бағытында келісілген ілгерілеуі үшін негіз қалыптастырады.

Онда мүше мемлекеттердің цифрлық егемендігі расталады, объективтілік, кемсітпеушілік және әдептілік қағидаттары, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында жаңа кедергілерге жол бермеу жөніндегі бағдарлар бекітіледі.

Құжат бірлескен жобаларды іске асыруды, реттеу тәжірибесімен алмасуды, сондай-ақ технологиялық және өндірістік тізбектерде кооперацияны қоса алғанда, жасанды интеллект саласында практикалық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Бағдарлардың бірі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында алға тартылған халықаралық сенімді жасанды интеллект принциптері айтылды.

Мәлімдеме ережелерін іске асыру цифрлық трансформацияны жеделдетуге, мүше мемлекеттердің экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, азаматтар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етуге бағытталған.