Гоар Барсегян: "ЕЭК өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді дәйекті түрде жақтайды"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян  Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралап, оның жұмысына, соның ішінде "Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс" бас стратегиялық сессиясына қатысты.

Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановтың және ірі өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен өткен іскерлік таңғы аста Гоар Барсегян:

"Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің үйлесімді жұмысы түйінді рөл атқарады. Тұтынушыға бағдарлану және нарықтағы өзгерістерге жедел ден қою қабілеті бизнес-қоғамдастыққа ЕАЭО шеңберінде ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі. Комиссия кәсіпкерлердің өз әлеуетін жақсырақ аша алатын жағдай жасау жолында дәйекті түрде жұмыс істеуде", — деп атап өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кеңесінде Еуразиялық кеңістіктегі бірлескен жұмыстың келешегі талқыланды.

"Комиссия өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді, технологиялар алмасуды және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыруды дәйекті түрде жақтайды. Біз салалық бастамаларды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және ШЫҰ елдерімен технологиялық тәжірибе ауысуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Гоар Барсегян.

Ол сондай-ақ Беларусь Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен ЕАЭО-да қаржылық қолдау механизмін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Сонымен қатар, "Иннопром" іс-шаралары шеңберінде Гоар Барсегян жарықтандыру тіректері мен шырағдандар шығаратын "Энерго-Арсенал" зауытына барды. Кәсіпорын Одақта 2024 жылы іске қосылған кооперациялық жобаларды қолдаудың ұлтүсті бағдарламасының әлеуетті қатысушысының бірі болып табылады.

"Иннопром" 2025 жылғы 29 қыркүйек — 1 қазан аралығында өз жұмысын Минскіде жалғастырады. Сол жерде ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.