Гоар Барсегян: "Эпизоотиялық саламаттық – азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызды құрамдасы"
01.12.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Мәскеудегі "Ветеринариялық қауіпсіздік" халықаралық форумына қатысты, онда азық-түлікпен қамтамасыз етудің түйінді мәселелері, соның ішінде эпизоотиялық саламаттықты қолдау, жануарлардың қауіпті ауруларына қарсы күрес, ветеринариялық дәрілік препараттар нарығын дамыту, Еуразиялық кеңістікте инновациялық технологияларды ендіру талқыланды.

"Азық-түлікпен қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық саясатының басым бағытының бірі болып табылады. Нарықтардың жаһандық өзгеруі жағдайында азық-түліктің орнықты және дұрыс болжанған жеткізілімдерін қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие болады", — деп атап өткен Гоар Барсегян ЕАЭО-ның құрылған сәттен бастап жүйелі оң нәтижелерге қол жеткізгенін қоса айтты. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 25% өсті, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 92%-ға жетті, Одақ елдері арасындағы өзара сауда 70% өсті. Егер 2014 жылы сыртқы сауда тапшылығы 24 млрд долларды құраса, 2021 жылдан бастап ЕАЭО нетто-экспорттаушы болды. Бүгінде агроөнім экспортының көлемі 40 млрд доллардан асады.

Форум жұмысына ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің қызметкерлері де қатысты. 

Эпизоотиялық саламаттық — бұл белгілі бір аумақта, мысалы, өңірде жануарларда жұқпалы аурулардың болмауы. Бұған профилактика, жануарлардың қозғалысын бақылау, вакцинация және тұрақты тексерулер арқылы қол жеткізіледі, бұл жануарлардың денсаулығын сақтау және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.