Гоар Барсегян мен Денис Мантуров ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсібін дамытудың басымдықты бағыттарын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары – Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, қаржылық қолдаудың ұлтүсті механизмін пайдалана отырып, кооперациялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіпте бірыңғай цифрлық платформа қалыптастыру, мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды. ЕАЭО өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесін өткізу туралы да сөз болды.

"Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігімен бірлесіп, біз барлық бағыт бойынша бұдан әрі жұмыс істеуге дайынбыз, өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ортақ мүддені бөлісеміз", – деп атап өтті Гоар Барсегян.

Тараптар жаңа өзара пайдалы бастамалармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға уағдаласты. Денис Мантуров Гоар Барсегянға биылғы сәуірде Ташкентте өтетін «ИННОПРОМ. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің жалпы сессиясында бірлесіп сөз сөйлеуді ұсынды.

Анықтама

2023 жылы ЕАЭО өнеркәсібі оң серпін көрсетті. Тұтастай Одақ бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,7% өсті. Өсудің жоғары қарқыны әсіресе өңдеуші өнеркәсіпке тән – 7,4%.