Наталья Петкевич пен Гоар Барсегян Одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК дамуын талқылады

25 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің төрағасы Наталья Петкевичпен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнеркәсіп пен АӨК-ті дамытуға байланысты көптеген мәселелерді талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыруға, кооперациялық байланыстарды нығайтуға, салаларды технологиялық дамытуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Беларусьтің ЕАЭО-ның өнеркәсіптік жобаларына қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыруға қатысуы, технологиялық платформалардың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ өнеркәсіпте даму мен импортты алмастырудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастама қаралды. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын орындау, «ИННОПРОМ БЕЛАРУСЬ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесін дайындау міндеттері талқыланды.

Сонымен қатар тамақ өнімдері мен дәрілік препараттарды өндіру үшін микроорганизмдер штаммдарын құрудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу мәселелері қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған барлық бағыттар бойынша тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығы туралы келісімге келді.