Гоар Барсегян: «Комиссия ЕАЭО-ның кәсіпорындары арасында берік өндірістік байланысты нығайтуға жәрдемдеседі»
25.08.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік күн тәртібін іске асыру бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарады. Министрлер өнеркәсіптік сектордағы кооперацияны дамыту бөлігінде диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап көрсетті, ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің "ИННОПРОМ"-дағы алдағы отырысына байланысты мәселелерді талқылады.

Гоар Барсегян Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен индустриялық аймақтарына барды. Атап айтқанда, ол Алматы индустриялық аймағының автомобиль жасау өнімдері мен жиынтықтауыштарын шығаруға маманданған кәсіпорындарында және Алматы желдеткіш зауытында болды.

"Біз өнеркәсіптің бірқатар басымдықты саласы бойынша Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстанның мүдделі компанияларының өкілдерімен тығыз жұмыс істеу жаңа кооперациялық тізбектерге шығуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Гоар Барсегян.

ЕЭК министрінің республика кәсіпкерлерімен, соның ішінде дөңгелек үстел форматындағы жұмыс кездесулері болып өтті. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмін іске асыру, сондай-ақ кәсіпорындарды Еуразиялық интеграциялық жобаларды қолдау бағдарламасына енгізу шарттары талқыланды.

"ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлерінде технологиялар ауысу және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыру үшін барлық ресурс бар", – деп түйіндеді Гоар Барсегян.