Жаңалықтар

16.05.2025

Гоар Барсегян өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін ЕАЭО мен БРИКС-тің жүйелі диалогын жолға қоюды ұсынды

15 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян БРИКС Әйелдер кәсіпкерлігі форумының "БРИКС және халықаралық институттар: күш-жігерді біріктіру — орнықты болашақтың кепілі" панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Сессия қатысушыларының назарында БРИКС күн тәртібінің ЕАЭО, ЮНИДО, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және басқа да халықаралық ұйымдармен интеграциясы мәселелері болды.

Гоар Барсегян БРИКС елдерімен әлемдік экономиканың жаңа конфигурациясы локомотивтерінің бірі ретінде жүйелі диалогты дамыту Комиссияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

"Осыны ескере отырып, өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Одақтың БРИКС-пен жүйелі диалогын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жолға қоюды ұсынамын", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Форумға 30-дан астам елдің халықаралық ұйымдары мен кәсіпкерлік қоғамдастығының басшылары қатысты.