Гоар Барсегян "Алтын күз — 2025" іс-шараларына қатысты
08.10.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян 8 қазанда "Алтын күз — 2025" Ресей агроөнеркәсіптік көрмесінің ашылу рәсімі мен пленарлық сессиясына қатысты.

Іс-шарада ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдету мақсатында аграрлық нарықты цифрлық модельге айналдыру құралдары, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында жаңа технологияларды ендіру механизмдері талқыланды. Комиссия кәсіпкерлерге қаржылық мүмкіндіктерді қоса, өңірлік экономикаға белсене қатысу үшін мүмкіндіктер беретіні атап өтілді.

Көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде Гоар Барсегян АӨК компанияларының озық әзірлемелерімен танысты.

"Алтын күз — 2025" іс-шараларына Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, РФ Цифрлық даму министрі Максим Шадаев, салалық және қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың, одақтардың, агроөнеркәсіп саласы кәсіпорындарының көшбасшылары қатысты.