Санкт-Петербургте ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Алина Казачёнок 1 қазанда X Санкт-Петербург халықаралық келісімшарттық қатынастар форумында "Келісімшарттық жүйе: 2027 жылға дейінгі дамудың басты мақсаттары мен бағыттары" пленарлық отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сатыпалымның өзекті мәселелері және 2027 жылға арналған перспективалар туралы айтып берді.


Алина Казачёнок ЕАЭО үшін бір мүше мемлекеттің жеткізушісінің басқа мемлекеттің сатыпалымына түсінікті, ашық және кемсітпейтін талапшарттарда қатысуға мүмкіндігі болған кезде мемлекеттік сатыпалымның кедергісіз ортасын қалыптастыру жөніндегі міндет айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатыпалым бюджет қаражатын игерудің ғана емес, сонымен бірге бәсекелестікті, өзара сауданы, өнеркәсіптік кооперацияны және технологиялық егемендікті дамытудың құралына айналуда.

 

ЕЭК департаменті басшысының орынбасары Одақтағы мемлекеттік сатыпалым нарығының көлемі, құрылымы, сатыпалымды цифрландырудың өзекті мәселелері, жеткізушілердің трансшекаралық қол жеткізуінің проблемалық аспектілері, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімінің кеңеюі мен жұмыс істеу перспективалары туралы деректерді ұсынды.

"Біздің жұмысымыздың тиімділігінің көрсеткіші ЕАЭО елдері бизнесінің Одақтың мемлекеттік сатыпалымына өзара қатысуының нақты өсуіне қызмет етеді", – деп түйіндеді Алина Казачёнок.

X Санкт-Петербург халықаралық форумының жұмысына Ресей Федерациясының билік органдарының, бизнесінің өкілдері, мемлекеттік сатыпалым саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.