Жаңалықтар

14.09.2022 (Обновлено: 23.09.2022 11:44)

ЕАЭО азаматтары Ресейде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ретінде жұмыс істей алады

Еуразиялық одақ елдерінің өз бетінше қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын азаматтары (күтушілер, репетиторлар, такси жүргізушілер, аспаздар, тігіншілер, шаштараздар, электриктер, сантехниктер және т.б.) Ресей Федерациясының "Кәсіби табыс салығы" арнайы салық режимін белгілеу бойынша эксперимент жүргізу туралы" федералдық заңына сәйкес Ресейде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ретінде тіркеле алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мәртебесі - бұл заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін жауапкершілікке тарту тәуекелінсіз заңды түрде табыс алу.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелу Ресей Федерациясында заңды болу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы болу үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН) және салық төлеушінің жеке кабинетінде есептік жазба болуы жеткілікті. "Менің салығым" мобильдік қосымшасын жүктеу және жеке кабинеттің логин-паролінің көмегімен сонда тіркелу қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін кабинеттің веб-версиясы да бар.

СТСН болмаған жағдайда, оны бес жұмыс күні ішінде азаматтармен жұмыс істейтін кез келген салық инспекциясынан алуға болады. Бұл үшін өтініш және паспорт қажет. СТСН алғаннан кейін сол жерден жеке кабинеттің логин-паролін де алуға болады. Бүл 15 минут қана уақытты алады.

Уәкілетті банктерге қайырылып та өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелуге болады. Уәкілетті банктердің тізбесі Ресей ФСҚ сайтында жарияланған: https://npd.nalog.ru/credit-orgs/.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мынадай мөлшерде салық төлейді:

- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер/ жұмыстарды орындау кезінде 4%;

- заңды тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер/ жұмыстарды орындау кезінде 6%.

Бұл мәселе жөніндегі толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша Ресей ФСҚ сайтынан алуға болады:https://www.nalog.gov.ru/rn77/news/activities_fts/8261361/

 


Анықтама

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – бұл жұмыс берушісі, басшысы немесе жалдамалы жұмыскерлері жоқ жеке адамдар. Бұл ретте олар ұсақ саудамен айналысады немесе халыққа және кез келген мөлшердегі компанияларға қызмет көрсетеді, алынған табыстан мемлекетке салық төлейді.