Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы маусым айымен салыстырғанда 2023 жылғы шілде айында 100,6%, 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 103,6% құрады.
Желтоқсан айымен салыстырғанда ақылы қызметтер бағасының айтарлықтай өсуі байқалды (6%-ға). Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 3%-ға, азық-түлік емес тауарларға 2,6%-ға өсті.
ЕАЭО бойынша азық-түлік тауарлары бағасының өсуі Қазақстанда (5,9%), Қырғызстанда (4,6%) және Беларусьта (3,2%) тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының мейлінше көп артуы Қырғызстанда (6,9%) және Қазақстанда (5,9%), ақылы қызметтерге Беларусьте (6,2%) және Ресейде (6,1%) байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы»бөлімде берілген.