ЕЭК
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылдың басынан бері 107,8% -ды құрады
ЕАЭО бойынша өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылдың басынан бері 107,8% -ды құрады
27.07.2023
Еуразиялық экономикалық одақ бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылғы маусымда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,8%, ағымдағы жылғы мамыр айымен салыстырғанда 99,9% құрады.
2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда өндірушілер бағасының айтарлықтай өсуі (11,9%-ға) байқалды. Бұл ретте өндірушілердің бағасы «электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» қызметінің түрі бойынша 8,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 6,8%-ға, «сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау» қызметінің түрі бойынша 5,3%-ға өсті.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.