Жаңалықтар

30.06.2022 (Обновлено: 12.07.2022 11:42)

2022 жылғы мамырда ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының индексі 99,3% құрады

ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының индексі мамырда 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда 99,3%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,4% құрады.
  Мамырда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсу Беларусьта (10,9%), Арменияда (5,9%), Қазақстанда (5,8%) және Қырғызстана (5,3%) тіркелді.

Мамырда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының мейлінше көп өсуі Беларусьта (12,2%), Қырғызстанда (11,6%) және Қазақстанда (7,0%) тіркелді.
  Осы кезең ішінде мал шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының мейлінше көп артуы Беларусьта (10,6%) және Арменияда (8,2%) байқалды, ал Қырғызстанда азаюы (1,9%) байқалды. 

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаментінің «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағалары» бөлімінде берілген.