Жаңалықтар

26.01.2023 (Обновлено: 31.01.2023 10:57)

2022 жылы ЕАЭО-дағы инфляция 12,9% құрады

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсанда 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 100,8%, 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 112,9% құрады.

2022 жыл ішінде бәрінен көп азық-түлік емес тауарлардың бағасы (13,3%) өсті. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 12,2%, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 12,9% артты.

Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсімі Қазақстанда (25,3%), Қырғызстанда (17,1%) және Беларусьта (13,8%) тіркелді. Бағаның мейлінше көп артуы азық-түлік емес тауарлар бойынша Қазақстанда (19,4%) және Беларусьта (13,7%), ақылы көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстанда (14,1%) және Ресейде (13,2%) атап өтілді.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі "Тұтыну бағаларының индексі туралы" бөлімде берілген.