Жаңалықтар

20.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 16:35)

ЕАЭО-да 2022 жылғы тамызда инфляция 10,8% өсті

ЕАЭО-да 2022 жылғы тамызда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 110,8%, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 99,8% құрады.
2022 жылғы тамызда 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ЕАЭО бойынша азық-түлік емес тауарлар бағасы (12,3%) және азық-түлік тауарларының бағасы (10,4%) айтарлықтай өсті. Осы кезең ішінде ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы 9% артты.

Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсімі Қазақстанда (18%), Қырғызстанда (13,4%) және Беларусьта (12,7%) тіркелді. Бағаның мейлінше көп артуы азық-түлік емес тауарлар бойынша Беларусьта (18,2%) және Ресейде (12,4%), ақылы көрсетілетін қызметтер бойынша Беларусьта (9,9%) және Ресейде (9,3%) атап өтілді.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі "Тұтыну бағаларының индексі туралы" бөлімде берілген.