Иран Ислам Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алу туралы сауалы Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде қаралды.
Бұл мәселе бойынша консультациялар 2024 жылғы 19 тамызда Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен бейнеконференция форматында болып өтті. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өкілдік етті. Иран делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің бас директоры Сейед Джалаладдин Алави Сабзевари басқарды.
Консультацияларға қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының үдемелі дамуын атап өтті және елдің ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ережеге сәйкес ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алу рәсіміне бастамашылық жасау ниетін құптады.
Шетелдік әріптеске мұндай мәртебе беру туралы шешімді Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылдайды.