V Еуразиялық экономикалық форумның қорытындылары

28-29 мамырда Астанада EXPO іскерлік кешенінің аумағында Конгресс-орталық алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған V Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ-2026) өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы шеңберінде болып өтті.

Форум жұмысына әлемнің 44 елінен 3 мыңға жуық адам қатысты.

ЕЭФ-2026 архитектурасы мынадай төрт тақырыптық блокқа біріктірілген 30-ға жуық іс-шараны қамтыды: "ЕАЭО нарығын дамытуды трансформациялау", "Еуразиялық ұштасу", "ЕАЭО+" және "Форум алаңдарындағы іс-шаралар".

Пленарлық отырыс


V Еуразиялық экономикалық форумның басты іс-шарасы – "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектіге үміт арту" пленарлық отырысы.

Іс-шараның негізгі спикерлері Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары: Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев болды.

Пленарлық отырыс жұмысына құрметті қонақтар – Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр, Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак және Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы сауда министрі Тани бин Ахмед Аль Зейуди қатысты.

 

Келісімдер мен меморандумдар

 

15 келісімге, меморандумға, ынтымақтастық бағдарламалары мен шарттарға қол қойылды.  Бұл соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба Республикасы Үкіметінің 2026 – 2030 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары, 2018 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті арасындағы Өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум, РФ СЭБ пен Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы арасындағы ынтымақтастық және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісім, 2021 жылғы 22 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссия мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды қолдану мерзімін ұзарту туралы хаттама, "Перспективалық технологияларды дамыту орталығы" ЖШҚ мен "Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институты" РҒӨБК арасындағы келісім, "Alatex" салааралық қауымдастығы" ЗТБ мен "Құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс индустриясы ұлттық бірлестігі" қауымдастығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум, "TransExpeditions" ЖШС мен "РТЛ" ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының жасанды интеллект саласындағы Информатика проблемалары біріккен институтының 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы, Еуразиялық экономикалық комиссия мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасы, "Доктрина" ғылым мен мәдениетті дамыту қоры мен "Қазбаза" ЖШС арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы шарт, "Қазбаза" ЖШС мен "Южмаш" ЖШҚ арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум, "Қазбаза" ЖШС мен "Южмаш" ЖШҚ арасындағы сатып алу-сату шарты, B. T. B. Trade ЖШҚ серіктестігі және "Южмаш" ЖШҚ арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, "Южмаш" ЖШҚ мен B. T. B Trade ЖШҚ арасындағы сатып алу-сату шарты.

 

Ақпараттық әріптестер

 

V Еуразиялық экономикалық форумға 14 елден 300-ден астам журналист қатысты.

Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық әріптестері бес елден келген 24 бұқаралық ақпарат құралы болды.

 

Армения Республикасының БАҚ: "Арменпресс" ақпарат агенттігі, Alphanews.am ақпарат агенттігі, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, "АрмИнфо" ақпараттық компаниясы, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі.

Беларусь Республикасының БАҚ: "БелТА" ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының Ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы.

Қазақстан Республикасының БАҚ: Jibek Joly телеарнасы, "Хабар" телеарнасы, "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы ("Қазақстан" Ұлттық телеарнасы), "Қазақпарат" ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпараттық агенттігі, "Іскер Қазақстан" ақпарат агенттігі, Atameken Business телеарнасы, "Капитал" іскерлік ақпарат орталығы, Казак Радиолары (Қазақ радиосы).

Қырғыз Республикасының БАҚ: Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы, "Кабар" Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Туусу ақпараттық баспа үйі, "Номад ТВ" телеарнасы.

Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы (Қазақстан), "Еуразия бүгін"ақпараттық-талдау порталы.

Халықаралық БАҚ: "МИР" халықаралық телерадиокомпаниясы.