Үкіметаралық кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың бұдан арғы даму перспективаларын айқындады.
ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалап отыру механизмін тұрақты негізде ендіру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін мұндай жұмыс пилоттық режимде жүргізілген-ді.
Үкімет басшыларына елдер мен электрондық құжаттар арасында деректер ауысуды қамтамасыз ететін ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің дамуы туралы баяндалды. Қазір ол жаңа жалпы процестермен толықтырылуда. Комиссия бұл жұмысты Еуразиялық "бестік" мемлекеттерімен бірлесіп жүргізуде.
ЕАЭО-да АӨК-тегі кооперациялық жобаларды қолдау тәсілдемелері келісілді. Енді ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіптік кешендегі кооперациялық жобалары қаржылық қолдауды Одақ бюджетінен ала алады.
Үкімет басшылары "Шығыс – Батыс" және "Солтүстік – Оңтүстік"бағыттарындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарады. . Соның ішінде оны Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасымен ұштастыру шеңберінде қарастырды.
ЕҮАК Өнеркәсіптегі мемлекетаралық бағдарламалар туралы жаңа ережені бекітті. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуды ынталандыруға бағытталған. Оны қабылдау ЕАЭО кеңістігінде сұраныстағы инновациялық жоғары технологиялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға серпім береді.
ЕҮАК-тің келесі отырысы 11 желтоқсанда Мәскеуде өтеді.