Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары
02.10.2026

2 қазанда Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс бойынша), Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.


Байқаушы мемлекеттерден – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Иран Ислам Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохсен Омидзамани, Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Энрике Орта Гонсалес қатысты.

Еуразиялық экономикалық интеграцияның 15 маңызды мәселесі қаралды. 

Бұл, ең алдымен, сауда, кеден әкімшілігін жүргізу , көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіптік ынтымақтастық, ортақ энергетикалық нарықтарды қалыптастыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Бүгін Үкімет басшылары "Шығыс – Батыс" және "Солтүстік – Оңтүстік" бағыттарындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарады. Соның ішінде оны Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасымен ұштастыру шеңберінде қарастырды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту туралы ақпарат ұсынылды. 

ЕҮАК Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы басымдықты интеграциялық инфрақұрылымдық жобалар тізбесіне өзгерістер енгізді. Ресей Федерациясының бастамасы бойынша тізбеге "Невель – Дно – Луга – Гатчина" теміржол учаскесін айырықтар мен байланыс желісін сала отырып дамыту жобасы енгізілді.

Сондай-ақ, Үкіметаралық кеңес ортақ электр энергетикасы нарығын қалыптастыру бойынша шешімдер пакетін мақұлдады.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры Ярослав Мандрон Минскідегі Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңында ЕЭК пен ЕТДҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеуде болады.

Скачать исходники фотографий